Украина Қазақстанға жел энергиясын өндіретін құрылғыларды орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Қазақстанға жел энергиясын өндіретін құрылғыларды орнатпақ

15.08.2017

Мұны бүгін баспасөз мәслихатында «ЭКСПО»-дағы Украина павильоны комиссарының орынбасары Сергей Свистиль мәлімдеді. Атап айтқанда, жел құрылғыларын Кеңес үкіметі елдері арасында мульти-мегаватты деңгейде энергия өндіретін «Фурлендер Виндтекнолоджи» компаниясы орнатып бермек. Компания жел құрылғыларын 2 жыл бұрын Солтүстік Қазақстанға да орнатқан еді. Алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жобалар тағы бар. Бүгінде Украина жел энергиясы станцияларынан жылына 437 мегаватт қуат алады. Ал, көрмеге бұл мемлекет баламалы энергетика саласында 100-ден астам жобасын ұсынды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу