Байқаушылар жұмыстарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқаушылар жұмыстарын қорытындылады

11.01.2021

Алматыда да «Әділ және адал сайлау туралы» Хартияға қосылған бақылаушылар жұмыстарының қорытындысын жариялап жатыр. «Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева мен «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасановтың қатысуымен брифинг өтеді. 

Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін дәл осы орталықта сайлауға қатысқан бірнеше ұйымның байқаушылары жұмыс нәтижелерін қорытындылайды деп жоспарланып отыр. Белсенділерден құралған байқаушылар кешегі сайлауда тынымсыз еңбек етті. Олар саяси науқандағы заңбұзушылыққа жол бермеу және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды рөл атқарды. Егер байқаушылар қандай да бір сайлау туралы заңның олқылықтарын байқаса, бір жыл ішінде Хартияның сайлау комиссиясына, прокуратураға, Үкіметке және Парламент депутаттарына өз ұсыныстарын жаза алады. 

Хабарламаларға жазылу