Биыл елімізде авиациядағы сауда нарығы 10 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде авиациядағы сауда нарығы 10 пайызға өсті

09.10.2017

Салаға жаңа мамандар қосылып, әуе рейстерінің саны едәуір артқан. Бұл авиация саласындағы дағдарысты емес, дамуды көрсетеді. Сондай-ақ, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өкілдерінің басын қосқан жиында Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбеков «соңғы кездегі әуе апаттарының жиілеуі бұл жүйенің басты проблемасы емес», деді. Айта кету керек, Азаматтық авиация академиясының базасында халықаралық авиация мамандарын даярлайтын өңірлік оқу орталығы құрылатын болады. Әуе көлігінің қауіпсіз және тұрақты дамуын қолдау мақсатында қолға алынған оқу орталығы авиация саласындағы мамандарды даярлауда жоғарғы стандарттарды ұстанбақ. «Бұл тәжірибе мен жаңа әдістермен алмасуға үлкен мүмкіндік береді», - дейді министр.

Жеңіс Қасымбеков, ҚР Инвестиция және даму министрі:

- Соңғы жылдары Қазақстан авиациясы жаңа өсу қарқынын көрсетуде. Мәселен, ұшу көлемінің  географисы өсіп келеді. Әуе жүк тасымалына да сұраныс артқан. Жыл сайын жаңа бағыттар ашылуда. Сондықтан, білікті мамандарды дайындау өте маңызды. Ал, орын алған жағдайлар бүкіл авиация саласының дағдарысқа ұшырауы деп түсіну дұрыс емес.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу