Елімізде азық-түлік бір жылда 8,5%-ға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азық-түлік бір жылда 8,5%-ға қымбаттады

23.01.2024

Елімізде азық-түлік бір жылда 8,5%-ға қымбаттады. Energyprom зерттеу орталығының дерегінше, әсіресе күріш едәуір өскен. Былтыр бір келісі 440 теңгеден саудаланған дақыл, қазір сауда желілерінде 668 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, баға бір жылда 34 пайызға көтерілді. Сонымен бірге, макарон өнімдері 10 пайызға, жұмыртқаның бағасы 13 пайызға өсті. Сүт өнімдері де қымбаттады. Оның ішінде айранның бағасы 362 теңгеден 419 теңгеге, сүт 330 теңгеден 385 теңгеге, қаймақтың келісі 200 теңгеге, сары майдың келісі 500 теңгеге қымбаттады. Ал ет өнімдерінің құны орта есеппен 7 пайызға өскен. Күнделікті тұтынатын көкөністің бағасы 9,8 пайызға көтерілді.


Хабарламаларға жазылу