Алматыда Төле би көшесінің күні өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Төле би көшесінің күні өткізілді

09.10.2017

Елбасы ұсынған Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі тетіктерінің бірі ежелгі тарихты терең танып білу. Осыған орай, Алматының барлық ауданы ұлтымыздың біртуар тарихи тұлғаларының еңбектерін халық жадында жаңғыртуға ден қойды. Медеу ауданы Төле би көшесінің күнін өткізіп, қазақ шешендік өнерінің байырғы дәстүрін қайта тірілтті. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының өнер ұжымы тарихи саңлақтардың сөзін ашық аспан астында көпшіліктің көкейіне ұялатты. Ал, қолөнер шеберлері бабалар тұрмысынан сыр шертетін таңдаулы туындыларын көрмеге қойды. Шарапатты шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері «мұның барлығы өскелең жастарға үлгі-өнеге болары анық», дейді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу