Ресеймен байланыс нығайып келеді
Павлодар Ресейдің Омбы, Новосібір аймақтарымен және Алтай өлкесімен көрші. Екіжақты сауда-саттық, іскерлік қарым-қатынастың арқасында тауарайналымы көлемі 3 миллиард АҚШ долларына жуықтады.
Екі ел кәсіпкерлері ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басуға әзірміз, дейді.
Ресейдің Павлодарға ең жақын орналасқан ауданы - Құлынды. Мұнда өндірістік сала қатты дамыған. Сары май және құрғақ сүт ұнтағын дайындайтын зауыт бұрыннан шекараға жақын отырған екі елдің тұрғындарын өніммен қамтамсыз ететін. Қазір сол дәстүр одан ары дамып отыр.
Александр Легонький, «Құлынды консервмолоко» ААҚ-ның бас директоры:
Бізде шығатын майды негізнен Қазақстан алады. Күніне 1,5 тонна май, 15 тонна құрғақ сүт ұнтағын шығарамыз. Өнімнің 70 пайызы Павлодар облысына кетіп жатыр. Ал, қыс уақытында біз олардан сүт аламыз.Жазда қиындау. Сүт іріп кетуі мүмкін.
Ал, мынау - Қазақстанның қызыл астығы. Алтай өлкесінде егін шаруашылығы қатты дамыған. Бірақ, Құлынды элеваторы сапасы аса жоғары Қазақстан бидайын қымбат бағамен алып жатыр. Тіпті, елімізде егін бітік шықса, ресейліктер қуанады екен.
Владимир Отиско, РФ, Алтай өлкесі, Құлынды аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары:
Біз Қазақстан Республикасы диқандарымен өте тығыз қарым-қатынастамыз. Сіздердің бидайларыңыз Ресей нарығында сұранысқа ие. Кей жағдайда тауар арқылы есеп айырысамыз. Мәселен, павлодарлық кәсіпкерлер бізден күнбағыс майын алады. Осы элеваторда басқа да дәнді-дақылдарды өндеуге болады. Жарма, тары, күріш сынды. Оларды да Қазақстаннан аламыз, деп жоспарлап отырмыз.
Қазір Ресейдің Алтай өлкесі Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін өрбітудің кешенді жоспарын әзірлеп жатыр. Мәселен, Құлынды ауданы қазба байлықтарын игеру және туризімді дамыту салалары бойынша Қазақстаннан инвесторлар шақырмақ.
Сергей Балухин, РФ, Алтай өлкесі, Құлынды аудандық әкімшілігінің басшысы:
Біздегі өзекті бір мәселе - Қазақстанның көмірін үздіксіз алып отыру. Өйткені, шекара жақын. Көмірді Кузбастан әкелгеннен гөрі сіздерден алу тиімді. Сауда-саттық байланыстарды дамыта береміз. Бізде гипс шығатын аумақ бар. Сол жерде силикат кірпіш жасауға болады. Сонымен қатар, минералды су көздері, демалыс орындарын ашуға лайықты жерлеріміз бар. Қазақстандық кәсіпкерлер жұмыс істеуге ынта білдірсе, қуана қарсы алар едік.
Болат Аманбаев, тілші:
Яғни, бірлескен кәсіпорындар құрып, бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру мүддесі тұр. Мұндай шынайы әріптестік, ортақ табыс тараптарды жақындастыра түспек.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10