Алматы облысында 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты жұмысын жандандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты жұмысын жандандырды

26.09.2017

Кәсіпорын биылғы алғашқы өнімін салтанатты түрде қабылдап алды. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында қалпына келтірілген қант зауыты маңайдағы үш ауданның шаруаларының өнімін өңдейтін болады. Ақсу, Сарқан және Алакөл ауданының қызылша өсірушілері осы уақытқа дейін тәтті түбірді Көксу ауданындағы қант зауытына тасымалдап келді. Әзірге кәсіпорынға 100 адам жұмысқа тартылған. Зауыт толық іске қосылғанда мамандар саны 650-ге жеткізілмек. Маусымына 300 мың тонна шикізат өңдей алады. Ал, дайын өнімнің көлемі 32-35 мың тонна болады деп жоспарланып отыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу