Депутат ұсынысын қолдаушылар көп
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке төртінші мұнай өңдеу зауытын салуды тапсырған болатын. Осыған орай Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеев зауытты Жезқазған қаласына салу туралы айтқан ұсынысын арнамыздан 20-шы қаңтар күні көрсеткен едік. Қазір осы ұсыныс қоғамда қызу талқыға түсіп, депутаттың идеясына қолдау танытып жатқандардың қатары артуда.
Жезқазған қаласының кәсіпкерлер қауымдастығының бір топ өкілі төртінші мұнай өңдеу зауытын осы қалаға салу көптеген мәселелерді шешуге болады деп, Парламент пен Үкіметке арнайы хат жолдайтындықтарын жеткізіпті.
Ең бастысы Бейнеу-Жезқазған теміржолы, Қызылорда-Павлодар және Атасу-Алашанькоу мұнай құбырлары шикізаттан тапшылық көрсетпейді. Оның үстіне Жезқазғандағы өндірістік кешендер арқылы мұнай өнімдерінен тұрмысқа қажетті көптеген дайын заттарды шығаруға орасан мүмкіндік бар.
Андрей Бегенеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Президент Жолдауында шикізаттан дайын тауар шығаруға көшу керек, деп айтты. Ал Жезқазған аймағы 4-ші мұнай өңдеу зауытының арқасында тұрмысқа қажетті көптеген заттарды шығаруға мүмкіндігі бар. Пластмассаның өзінен бірнеше бұйым жасауға болады. Ең бастысы жұмыс орындары ашылар еді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12