Семейде оқыс оқиғадан сарбаз қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде оқыс оқиғадан сарбаз қаза тапты

20.09.2017

Семейде әскери техника аударылып, 44 736 бөлімінің сарбазы қаза тапты. Оқиға кеше түскі 14:30-дар шамасында болған. Әскери жаттығудан қайтып келе жатқан ауыр техника жол-көлік оқиғасына тап болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдарын жүргізуге арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әзірге бұдан өзге ақпараттың берілмейтіндігін хабарлады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу