Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханадан шықты

30.01.2024

Қаңтар айының басында естеріңізде болса, Оралдағы «Ризық» дәмханасында газ қоспасы жарылып, кейін өрт болып, екі қабатты ғимарат үйіндіге айналған еді. Үш адам қаза тауып, алты адам жарақат алды. Күйік шалған бес адам ауруханадан ем алып шыққан. Кейбірі шетелде емін жалғастырып жатыр. Ал апаттың неден шыққаны әлі анықталған жоқ.

Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясындағы жарылыс бойынша тергеу жүріп жатыр

Өткен жылдың 11 желтоқсанында Қостанай қаласында да техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болып, 3 адам қаза тапқан болатын. Оқыс оқиғадан барлығы 15 зардап шекті. Оның алтауы үйінді астында қалған. Соның үшеуі аман есен табылғанымен, қалған үшеуі қаза тапты. Жарылыстан жақын маңдағы бірнеше көлік пен тұрғын үйлер де зақымданған еді. Алғашқы болжам бойынша жарылыс ауа мен газ қоспасының тұтануынан болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу әлі жүріп жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу