Шымкенттегі «Химфарм» зауытының өндірістік қуаты еселене түсті

12.09.2017

Еліміздің Польша Республикасымен  арадағы  қарым-қатынасының нығаюы арқасында Шымкенттегі «Химфарм» зауытының өндірістік қуаты еселене түсті. Шетелдік инвесторлардың қаржыландыруы арқасында  жылына 200 миллион дана дәрі өндіретін жаңа цех іске қосылды. Осылайша, зауыт бүгінгі таңда отандық дәрі-дәрмектің 40 пайызын өндіруге қол жеткізді.

Өндіріс орны қазір 200-ден астам препарат түрін шығарады. Компания өнімінің 90 пайызы ішкі нарықта саудаланады. Ал қалған бөлігі экспортқа бағытталып отыр. Зауыт өнімін көршілес Ресей, Қырғыз елі, Тәжікстан, Түркіменстан мен Моңғолия елдері тұтынуда. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу