ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен күрес күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен күрес күшейді

29.08.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында, жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарын азайту мақсатында автобустар жіті тексеріліп жатыр. Халықаралық және облыс ішіне қатынайтын автокөліктер жеке тіркеуге алынып, олардың сыртына арнайы белгілер жапсырылуда. Осы арқылы енді көліктің адам тасымалдауға рұқсатының бар-жоғы, оның қай компанияға тиесілі екенін бірден анықтауға болады. Құзырлы орындардың мұндай қатаң әрекетке баруына жол апатының көбейіп кетуі себеп. Мәселен, былтыр жол апатына ұрынған қоғамдық көліктердің 90 пайызы жолаушыларды заңсыз тасымалдағандардың кесірінен болған. Бүгінде облыста жолаушы тасымалымен 63 компания айналысады. Олардың меншігінде 2700-ден астам шағын және үлкен автобустар бар. Сондай-ақ, бұдан былай компаниялардың техникалық паркінің жағдайы, олардың  дер кезінде жаңартылуы да қатаң бақыланады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу