Жолаушы тасымалында талап күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушы тасымалында талап күшейді

06.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын компаниялармен күрес күшейе түсті. Өйткені, пайдаға құныққан көлік иелері кез келген жерді, тіпті, үйлердің ауласына дейін автотұрақ етіп, қалааралық бағытқа емін-еркін қатынауды тоқтатпай отыр. Көлігін күнкөрістің көзіне айналдырғандар ешқандай салық төлемейді. Жүргізушінің денсаулығы мен көліктің ақауын тексеретін де ешкім жоқ. Өңірде бүгінгі таңда  жолаушы тасымалдау ісімен 62 компания айналысады.  Олардың меншігінде 2700-ден астам шағын және үлкен автобус бар. Жолаушыларды заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою үшін облыста мобильді топтар құрылған. Олар осы кезге дейін 23 мәрте рейд ұйымдастырып, 300-ден астам заңбұзушылыққа байланысты хаттама толтырды. Олардан 3 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді.  

Нұрлан Байғұт, Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- 300 көліктің заңсыз қатынайтыны анықталды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу