Оралда ірі жол апатынан жарақат алғандардың саны 75-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ірі жол апатынан жарақат алғандардың саны 75-ке жетті

28.08.2017

Орал қаласында ірі жол апатынан жарақат алғандардың саны 75-ке жетті. Алты адам әлі ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар тұрғылықты жерлеріндегі емханалардың қарауына жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде екі автобус соқтығысып, көлік апатынан 58 адам зардап шеккен еді. Олардың 5-уі бала, жарақат алғандардың қатарында жүкті әйелдер де болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 
 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу