Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті

28.07.2022

Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, ол 3-ші машинаға ұрылған. Зардап шеккендер екі жеңіл көліктің жолаушылары. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Құқық қорғау органдары апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа адам болмағанын айтады. Қазір автобус айып тұрағына қойылған. Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды. 

 

Хабарламаларға жазылу