Қазақстанда электр самокаттың қозғалыс ережесі әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электр самокаттың қозғалыс ережесі әзірленеді

07.10.2020

Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов хабарлады. Оның сөзінше, қолданыстағы заңға самокаттар, электр самокаттары мен скутерлерді пайдалану бойынша өзгерістер енгізілмек. Яғни, аталған қозғалыс құралын пайдаланатын адамдардың құқықтарымен қатар міндеттері жазылады. Қазір құжат депутаттардың қарауында. Сондай-ақ, ІІМ өкілі соңғы 9 айда 9 мыңдай жол-көлік апаты болғанын айтты. Салдарынан 1 265 адам қаза тауып, 11 780 адам жарақат алған. Апаттың негізгі себебі – жол ережесін ескермеу. 

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
-Жол-көлік оқиғаларының үштен бірі жылдамдықты асырудан болып отыр. Осындай 2833 оқиғадан 527 адам қайтыс болды. 4 мыңға жуық адам жарақаттанды. Жол апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың әр төртіншісі – жаяу жүргінші. 344 адам көз жұмды. Ал, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 356 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 75 адам қайтыс болды. Дегенмен, былтырғымен салыстырғанда жол апаты 22 пайызға төмендеп отыр. 

Армангүл Тоқтамұрат 

электр самокат Қазақстан Әкімшілік полиция комитеті ереже

Хабарламаларға жазылу