Алматы облысында ұшақ құлап, бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

25.08.2017

Алматы облысында ұшақ құлап, бір адам мерт болды. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екі кісілік əуе кемесі Балқаш ауданына қарасты Жиделі елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде құлаған.

АҚШ-та жасалған ұшақ «Олжа Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алған екінші адамның бір аяғы сынған.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу