Бүгін Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

27.07.2017

Әзірге нақты себебі белгісіз. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авияция комитеті мәлімдеді. «Қазавиа» әуе компаниясына тиесілі болған ұшақ бірден өртеніп кеткен. Жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген ЯК-12-нің бортында ұшқыш және тағы 1 адам болған. Екеуі де көз жұмды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу