Каирде қамауға алынған Қазақстанның алты азаматы елге оралатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каирде қамауға алынған Қазақстанның алты азаматы елге оралатын болды

02.08.2017

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады. Тек әзірге олардың елге қашан қайтарылатыны белгісіз. Мысыр билігі әлі күнге дейін қазақстандықтардың не себепті ұсталғанын мәлімдемеді. Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Каир құқық қорғау органдары қазақстандықтардың ұсталуына қатысты қосымша толығырақ мәлімет беретін болады. Ал, кеше Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдаған болатын.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу