Елге оралатын қажылардың ұшу кестесі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге оралатын қажылардың ұшу кестесі өзгерді

01.10.2015
Елге оралатын қажылардың ұшу кестесі өзгерді

Бес парыздың бірі қажылықты өтеген мұсылмандардың ұшу кестесі өзгерді. Мұның себебін Сауд Арабиясы Жидда халықаралық әуежайының басшылығы жоспарлы күнтізбедегі жаңа айдың кеш тууымен байланыстырып отыр.

Соның салдарынан, барлық бағыттағы рейстердің ұшу кестесі бір күнге кешіктірілді. Сонымен қатар, Корольдіктің құзырлы мекемелері арасында үйлестіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі де қиындық туғызған.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу