Каирде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каирде жарылыс болды

19.02.2019

Бомба полицейлердің аңдуында болған қарулы топ мүшесінің қолында болған. Қылмыскердің әрекетінен екі полицей қаза тауып, 3 бейбіт тұрғын жараланды. Мұны елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Жарылыс туристер көп жүретін ауданда болған. Полиция оқиға кезінде өткен жұмада тәртіп сақшыларын шабуылдауға әрекет жасаған топты іздестіріп жүрген еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу