Шеттегі қандастарымыздың елге жеткендегі қуанышты сәттері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шеттегі қандастарымыздың елге жеткендегі қуанышты сәттері

25.07.2017

Жуырда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасы қазақ көшінің ешқашан тоқтамайтындығын айтқан еді. Президенттің осы қанатты сөзінен қазір әлемнің әр қиырындағы қандастарымыз қуат алып, қанаттанып, елге келіп жатыр. Шеттен келген ағайынға мемлекет тарапынан «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша жүйелі қолдау бар. Сондықтан, бүгінде ештеңеге алаңдамай-ақ, туған жерге туын тігуге асығып жатқан азаматтардың саны аз емес. Солардың кезекті легінің шекара асқан қуанышты сәтіне тілшіміз Нұрлан Асқарұлы куә болып қайтты.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу