Елордада шетелдегі қазақтарды қолдауға бағытталған меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада шетелдегі қазақтарды қолдауға бағытталған меморандумға қол қойылды

15.05.2019

Елордада шетелдегі қазақтарды қолдауға бағытталған меморандумға қол қойылды. Келісім этникалық қазақтарды және сырт мемлекеттерде тұратын отандастарды мәдениет және спорт саласында демеу мақсатында жасалды.

Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Отандастар қоры» президенті Нұртай Әбіқаев қатысып, әріптестік қатынасты нығайтты. Аталмыш құжаттың арқасында  шетелдік этникалық қазақтар үшін оқу-әдістемелік құралдар әзірленетін болды.

Сондай-ақ, қандастарымыз үшін Олимпиадалық резерв мектептерінде оқуға грант берілмек. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Елбасы тапсырмасына сәйкес, шетелдегі қандастарымызға, отандастарымызға жан-жақты көмек көрсету керек. Әрине, шеттегі қазақтар үшін еліміздегі әдебиет, тарихи мәліметтер қолжетімді болуы тиіс.

Осы мақсатта біздің министрлік жыл сайын шетелде жүрген қандастарымыздың шығармаларын, кітаптарын Қазақстан қаржысы есебінен елге таратып отырмыз. Сол секілді шетелдегі қандастарымыз Қазақстандағы ірі фестивальдер мен конкурстарға қатыса алатындай жағдай жасап келеміз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу