Ұлттық арнада – «Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы

01.05.2015
Ұлттық арнада – «Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы

Бұл – қарттардың бүгінгі күні туралы мейірімге толы лирикалық хикая. Олардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдары, жайма-шуақ қарым-қатынастары, қуанышты сәттері мен болашаққа деген өшпейтін үміт оты туралы.

Оқиғаның өзегіне бала кезден дос үш қарияның біреуі – Қалтайдың бағы жансын деген ниетпен оны үйлендіріп тынуға бәс тіккен қарттардың шешімі негіз болады.

Бірақ, олар өздерінің адам нанғысыз күлкілі әрі шытырман оқиғаға тап болатындарынан мүлдем қаперсіз еді. Өйткені, оқиғаның бұлай өрбуіне тікелей махаббат атты сезім кінәлі болып шығады.    

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова ойнаған «Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясын бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу