Өзге этнос өкілдерінің мерекелері біздің елде қалай тойланады?

14.12.2019

Әлемдік тәжірибе бойынша, күнтізбеде қызылмен белгіленген даталар демалыс. Ол күні жұмыс жоқ, бәрі демалыста болады. Амалсыз қызметке келгендер үстемақы алады. Күнтізбеге қарасақ 2019 жылы қазақстандықтар ең көп демалған айлар міне, наурыз айында - 14 күн, мамыр мен желтоқсанда 12 күннен. Қаңтарда ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалды.

Бұл қағытпаға имандай сеніп, бәрі қызметтен қол үзіп тойлап кетті деуге және болмайды. Өйткені сарапшылар былай дейді: демалыс күндері ел серуендеп сауда орындарына барады, сауда жасайды, қыдырады, қарапайым тілмен айтқанда қомақты қаржы жұмсайды, тиісінше қаазынаға түсетін салықта едәуір артады деп кесіп айтты. Сондықтан байбалам салмай байламға келейік. Дархан қазақтың тағы бір жаһан жұрты таң қалатын тірлігі бар. Ол біздің шаңырағымыздың астына жиналған өзге ұлт өкілдерінің де ұлттық мерекелерін атап өтеміз, ешкімнің қолынан қақпаймыз. Көзге шыққан сүйелдей сен алайсың, сен бұлайсың деп шеттеткен жеріміз жоқ. Сондықтан ғой, 100-ден астам ұлт пен ұлыстың қазаққа айтар алғысы таусылмайтыны.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу