Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді

13.08.2021

Алдағы демалыс күндері ауа температурасы төмендейді. Қазгидрометтің мәліметінше, салқын атлантикалық антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді.  Сол себепті, оңтүстік және шығыс өңірлерде күн суиды. Термометрлер күндіз 15-25 градус көрсетуі мүмкін. Ал, еліміздің батысында Ираннан келетін жылы және құрғақ ауа массалары сақталады. Яғни, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы 32-40 градус аралығында болады. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу