БАӘ-де қалып қойған қазақстандықтар Нұр-Сұлтан арқылы елге жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ-де қалып қойған қазақстандықтар Нұр-Сұлтан арқылы елге жеткізіледі

11.01.2022

Біріккен Араб Әмірліктерінде мыңға жуық қазақстандық қаңтарылып қалды. Мәселе Алматы әуежайының жұмысы уақытша тоқтағандықтан туындап отыр. Ал туристер Дубай және Шарджадан 5 қаңтардан бері ұшып келе алмай отыр. Елдегі консулдығымыз азаматтарды тұрғын-жаймен қамтамасыз еткен, алайда жолаушылардың жеке қаражаттары таусылып бара жатыр. Қазір араб елдерінен тек Нұр-Сұлтан және Шымкент қаларына қатынауға болады. Жергілікті әуекомпания уақыты өткен билеттер құны қайтарылатынын мәлімдеді. Жолаушылар жаңа билеттің бағасы тым қымбат екенін айтып шағымдануда. Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кеше туристер елге Нұр-Сұлтан арқылы жеткізілетінін мәлімдеді. Оларды жеткізу кестесі әзірленіп қойған.

Хабарламаларға жазылу