Түркияда жол апатына түскен қазақстандық дәрігерлердің бақылауында
Түркияда жол апатынан жарақат алған бір қазақстандық ауруханада жатыр. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес көлік оқиғасынан аман қалған отандастарымыздың басым бөлігі елге қайтарылған. Жағдайлары бірқалыпты. Тек бір ғана азамат әзірге дәрігерлердің бақылауында болуға тиіс. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді. Ауыр жарақат алған екі қазақстандық Түркия ауруханасында көз жұмды. Бұдан бөлек, брифингте Кореяда депортациялық рейсті күтіп отырып, әуежайдан қашып кеткен 2 отандасымыздың жағдайы айтылды. Өкілетті органның мәліметінше, енді олар тиісті айыппұл төлеп, елге қайтарылмақ.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05