Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар марапатталды

30.06.2017

Мүмкіндігі шектеулі жастар марапатталды. Олардың барлығы Астанада алғаш рет өткізілген шығармашылық фестиваліне қатысқан еді. Шараға еліміздің 4 облысынан 14 пен 29 жас арасындағы 110 адам келді. Олар вокал, хореография, қолөнер шығармашылығы және шахмат, үстел теннисі, боулинг сияқты ойындарда сайысқа түсті.

Марапаттау салтанатына еліміздің танымал әншілері қатысып, өнер көрсетті. Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше жандардың шығармашылық қарым-қатынасын жақсарту және жаңа таланттарды табу.   

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу