Алматыда отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай футболдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай футболдан турнир өтті

10.05.2017

Алматыда отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай футболдан турнир өтті. Оған Астана қаласы мен Алматыдан 14 өнер ұжымы қатысты. «Бұл жарыс мәдениет саласындағы мекеме ұжымдарының ынтымағын арттырып, жастарды салауатты өмр салтын ұстануға бейімдейді», -дейді ұйымдастырушылар. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткен дүбірлі дода енді жыл сайын тұрақты түрде өткізіледі. Тіпті, келешекте оның ауқымын кеңейтіп, әйелдер үшін қол добы және тағы басқа спорттық ойын түрлерін қосу жоспарда бар.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу