ІІО қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІО қызметкерлері марапатталды

06.05.2014
ІІО қызметкерлері марапатталды
Астанада Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған шаралар жалғасуда. Қызметтік борышын атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскердегі әскери қызметкерлерге арналған монументке гүл шоқтары қойылды.
 
Сонымен қатар, жиылғандар II Дүниежүзілік соғыста опат болғандардың рухына тағзым етті. Астаналық полиция горнизонының құрылымдары мен Ұлттық гвардия көпшілік алдында шеру жасап өтті.
 
Жиын соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ардагерлерді құттықтады. Сондай-ақ, Президент Жарлығымен қызметін мүлтіксіз орындағаны үшін бірқатар қызметкер «Айбын», «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медельдарымен марапатталды.
 
Саяжан Жакудина, ІІО ардагері Қайролла Жакудиннің жары:
Жакудин Қайролла Жакудиновичтің кеудесіне тағылмаған орденді бүгінгі күні мен тағып тұрмын. Ол деген анаға үлкен құрмет. Жеңіс күні құтты болсын. Жастарымыз аман болсын!
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу