Мәжіліс депутаты: Зейнетақы қорының жұмыс бағытын өзгерту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты: Зейнетақы қорының жұмыс бағытын өзгерту керек

26.04.2017

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бүгінгі қаржы саясаты дұрыс жүргізілмей отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская өзінің депутаттық сауалында осылай деді. Оның сөзінше, 2016 жылы зейнетақы активтерін басқару арқылы қаржы 7,95 пайызға артқан. Ал инфляция болса 8,5 пайыз болды. Яғни, кірістен шығын көп. Мұнымен қоса басқарушы компанияларға - 3,6, кастодиан банктерге 2,2 миллиард теңге төленсе, тағы 13,6 миллиард қаржы зейнетақы қорының әкімшілік шығынына жұмсалыпты. Осының барлығын ескере келе, депутат қордың міндеттеріне өзгерістер енгізу мен оның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету керектігін алға тартты.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу