Мемлекет басшысы жұмысқа отандық мамандарды тартуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жұмысқа отандық мамандарды тартуды тапсырды

21.01.2022

Президент жұмысқа отандық кадрларды тартуға көбірек көңіл бөлу керек деді.

«Қазір ірі кәсіпорындар шетелдік мамандарды шақыруға әуес. Бұл дұрыс емес»,- деді Мемлекет басшысы.

Айтуынша, шетелден елімізде жетіспейтін немесе мүлдем жоқ мамандық иелерін ғана тарту қажет. Қалған жағдайда ел азаматтарын жұмысқа алу маңызды. Осы ретте Президент елімізде білім беру бағытын өзгерту қажеттігін айтты.

Қазір отандық жоғары оқу орындары экономист, заңгер, менеджер секілді мамандықтарды көп оқытады. Енді техникалық кәсіпті игеруге көп көңіл бөлінбек. Тіпті «Болашақ» бағдарламасы арқылы қыз-жігіттер негізінен шетелдің, бірінші кезекте, Ресейдің жетекші техникалық университеттерінде білім алмақ. 


Хабарламаларға жазылу