Мұнай-химия паркінің құрылысы екі жылда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-химия паркінің құрылысы екі жылда аяқталады

19.01.2017
Атырау облысындағы Ұлттық индустриалды мұнай-химия паркінің салынып жатқанына 10 жылдан асты. 2014-2015 жылдарда ғана оның құрылысына 93 миллиард теңге бөлінген. Алайда, технопарк жобасы тұралап тұр. 2016 жылдың жазына дейін жұмыстың 50 пайызы да атқарылмапты.

Қаңыраған дала, қарқынды жұмыс жоқ. Мердігер ретінде 14 мекеме тіркелгенімен, оның екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Газ бен су жеткізу мәселесі де шешілмеген. Бүгін Мәжіліс депутаттары алдында есеп берген «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директорынан депутаттар осы мәселелердің қашан шешілетінін сұрады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу