Талдықорғандық өнертапқыштар квадрокоптер құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық өнертапқыштар квадрокоптер құрастырды

20.04.2017

Талдықорғандық өнертапқыштар квадрокоптер құрастырды. Әрине техниканың дамыған заманында мұнымен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Алайда жетісулықтардың бұл туындысы қолданыстағы құралдардан бірнеше есе арзан түспек. Әрі оларды тұрмыста кеңінен пайдалануға болады. Мәселен қой бағуда, егіс алқаптарын, бау-бақшаларды дәрілеуде, іздестіру жұмыстарында және геологиялық барлауда таптырмас құрал. Іскер азаматтар бұл жобаларын «Даму» қорының «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Әзірге тек екі нұсқасын сынақтан өткізген техниктер қаржылай қолдау тапса, басқа түрлерін де құрастырмақ ойда. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу