Жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды

31.01.2020

Жалған ақпарат таратқандардың үстінен іс қозғалды. Ел ішінде коронавирус тарап кетті деп шындыққа жанаспайтын қауесет таратып, елді дүрліктірген Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының дәрігері ұсталды. Ол Whatsapp желісі арқылы достарына «Вирус тарап, Алматы қаласында 70 адам жұқтырды»,- деп бейнежазба жіберген. Өңір полицейлері акушер-гинекологты ұстап, түсініктеме алды. Ол өз кінәсін мойындап, жалған ақпарат бергені үшін халықтан кешірім сұрады. Осыған мазмұндас оқиға Қапшағай қаласынан да тіркелген болатын. Елді дүрліктіргендер енді 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. Бас прокуратура өкілдері қатаң ескерту жасады.   

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу