Өскеменде мейрамхана өзенде қалқып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мейрамхана өзенде қалқып жүр

10.03.2017
Өскеменде мейрамхана өзенде қалқып жүр. Қала тұрғындарының айтуынша, үлкен баржаның үстіне орналасқан ғимаратты жағаға бекітіп тұрған тросс үзіліп кеткен.

Жағалаудағы мейрамхананың ашылғанына он жылдан асқан. Халық мұнда әсіресе жаз айларында жиі келеді. Су үстіндегі бизнестің иелері әзірге ешқандай қарекет қылмады. Мейрамхана өзенге ағып кеткенде оның ішінде адам болмаған.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу