Мозамбикте «Идаи» циклонынан қаза тапқандардың саны мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мозамбикте «Идаи» циклонынан қаза тапқандардың саны мыңға жетті

19.03.2019

Тағы жүздеген тұрғын жараланды немесе жоғалып кетті. Бұған қоса, талай ауыл суға кетіп, адамдардың мәйіттері өзенге айналған көшелерде қалқып жүр. Мұны ел президенті Филипе Ньюси осыдан бірер сағат бұрын мәлімдеді.

Жауындатып соққан дауыл Бейра қаласына сағатына 177 шақырым жылдамдықпен жеткен. Сондықтан бұл шаһардың 90 пайызы қирады. Және де мұнда электр сымдары үзіліп, әуежай қызметі тоқтап, жолдар бөгелген. Қазір апат жайлаған аудандарда құтқару операциялары жалғасып жатыр. Ал, Малавиде осы сұрапыл циклоннан 50, Зимбабведе 80 адам опат болған. Бұл екі мемлекеттерде де жүздеген үйді су басып, мыңдаған тұрғын зардап шекті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу