Италияда қар басқан қонақүйде қалғандарды іздестіру жұмысы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда қар басқан қонақүйде қалғандарды іздестіру жұмысы жалғасуда

20.01.2017
Италияның Абруццо аймағында қар басқан қонақүйде қалғандарды іздестіру әлі жалғасуда. Бұған дейін екі адамның денесі табылған еді. Ал, 30-ға жуық адамның тағдыры әлі де белгісіз.

Кеше зілзала салдарынан Гран-Сассо тауынан қар көшіп, «Rigopiano di Farindola» қонақүйін басқан еді. Сол уақыттан бері құтқарушылар қонақүй ішінде қалғандарды іздестіріп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу