«Астана процесінің» бірінші күні басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана процесінің» бірінші күні басталды

23.01.2017
«Астана процесінің» бірінші күні  басталды
«Астана процесінің» бірінші күні  басталды

Бүгін қазақтың елордасында «Астана процесі» деп аталатын халықаралық жиынның алғашқы күні басталды. Мәміле алаңы жер-жаһанды алаңдатқан Сирия дағдарысын қыннан қанжар суырмай, бейбіт реттеуге арналған. Келіссөзге әлемнің алпауыттары - Иран, Түркия, Ресей, АҚШ және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері де қатысып жатыр.

Мұсылман еліндегі алты жылдан асқан қантөгісті сабырмен, салиқалы түрде шешуді көздеген жиынға соғыс болып жатқан Сирияның үкіметі де, үкіметпен қырықпышақ оппозициясы да келді. Бүгін түс кезінде басталған салмақты келіссөздер әлі де «жабық есік» жағдайында өтуде. Шартарап үшін маңызды жиында тараптар ымыраға келе ала ма, үміт қандай?


Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу