Ақтөбе облысында жылу бағасы 7,5 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жылу бағасы 7,5 пайызға қымбаттады

10.01.2017
Облыс орталығын жылумен қамтуға жауапты мекеме «Трансэнерго» АҚ жылу ақысын 7,5 пайызға бірден көтерді.

Енді қала тұрғындары жылуға 1 шаршы метрі үшін 131 теңге 69 тиын төлеулері қажет. Ал, бұған дейін ақтөбеліктер 122 теңге 49 тиын төлеп келді.

Мамандардың айтуынша, баға мекеменің 2016 жылы қабылданған бесжылдық инвестициялық даму бағдарламасына сәйкес көтеріліп отыр.

Гүлбағда ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу