Қазақстанда биыл дәрі-дәрмек 3,3%-ға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда биыл дәрі-дәрмек 3,3%-ға қымбаттады

27.09.2021

Қазақстанда биыл дәрі-дәрмек 3,3%-ға қымбаттады. Статистика бюросының мәліметінше, фармацевтикалық препараттар әсіресе Маңғыстау облысында 14,1%-ға өскен. Сонымен бірге елорда мен Ақмола облысында да дәрінің құны 9-10 пайызға көтерілген. Ал Қостанай, Павлодар, Жамбыл облысында препараттардың бағасы тұрақты. Айта кетейік, біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17% ғана отандық өнім. Президент оны 2025 жылы 50 пайызға жеткізуді тапсырған. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл үшін әлеуметтік кешенді жоспар бекітілгенін хабарлады. Елде 12 лаборатория жоғары технологиялық жабдықпен қамтылады. 

Хабарламаларға жазылу