Кинотеатрларда билеттің бағасы 13%-ке өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинотеатрларда билеттің бағасы 13%-ке өсті

05.11.2021
0:00:00
0:00:00

Кинотеатрларда билеттің бағасы 13%-ке өсті. Қазір елде билеттің орташа құны 1600 теңге тұрады. Статистика бюросының хабарлауынша, өзге өңірлермен салыстырғанда оның құны Шымкентте қымбат – 2600 теңге. Ал Семейде арзан – 1100 теңге. Биыл билет әсіресе Ақтөбе мен Қызылордада қымбаттады. Бағасы бірден 28-30 пайызға шарықтаған. Кинотеатр иелері қауымдастығының өкілдері пандемия салдарынан биылдың өзінде төрт нысан жабылып қалғанын айтады. Қазақстанда жалпы 90-нан аса кинотеатр бар.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу