Астанада 228 апатты үй бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 228 апатты үй бар

09.01.2017
Жалпы, апатты жағдайда тұрған тек білім ошақтары емес, тұрғын үйлер де бар. Мысалы, Астананың өзінде 228 үйдің шатырлары шіріп, қабырғалары қақырап, құлауға шақ тұр. Сөзге дәлел, қаладағы оңтүстік-шығыс мөлтек ауданының тұрғындары бізге қоңырау шалып, көмек сұрады. «Жанайқайымызды биліктегілер естісе екен»,- дейді. Тұрғындар пешті іштен жағатын болған соң, Шахандағы жағдай бізде де қайталана ма, -деп үрейленіп отыр.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу