Астанада алдағы бес жылда 15 апатты үй бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алдағы бес жылда 15 апатты үй бұзылады

25.07.2018

Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының әкімі хабарлады. Ескі баспаналарды күреу 2018-2022 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының қанатқақты жобасы аясында іске асады. Мәселен, биыл үш үй бұзылады. Севастополь қиылысындағы нөмірі 17-ші, Автоматика кварталындағы 6-шы және Ойыл көшесіндегі 17-ші үйлер. Ал, келер жылы 6 баспана – Бейсекбаев көшесіндегі 17/2, 17/3, 17/4, Жиенқұлов көшесіндегі 11/1, 11/2 және Ойыл көшесіндегі №19 үйлер күреледі. 

Ал, іргесі сөгіліп, кірпіші үгіліп тұрған Янушкевич 12/1 мекенжайындағы апатты баспана 2021 жылы бұзылады. Бұған дейін біздің арнамызға осы үйдің 184 тұрғыны хабарласып, құлағалы тұрған қабырғаның астында қалуымыз мүмкін деп шағымданған еді.

Ал, ғимаратпен жапсарлас орналасқан Янушкевич 12 мекенжайындағы 156 пәтерлік баспана 2020 жылы күрелетін болды. Сондай-ақ, 2022 жылы Кемеңгерұлы, Сейфуллин, Янушкевич көшелеріндегі тағы 4 үй бұзылады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу