Астанада апатты жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі пилоттық жоба аясында 957 отбасына жаңа пәтер кілті табысталады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада апатты жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі пилоттық жоба аясында 957 отбасына жаңа пәтер кілті табысталады (ВИДЕО)

07.04.2016
Астанада апатты жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі пилоттық жоба аясында 957 отбасына жаңа пәтер кілті табысталады (ВИДЕО)

Ұзақ уақыт бойы 20 шаршы метрлік үйді мекендеп, ұрпақ тәрбиелеген Светлана Шупеня қартайған шағында жаңа баспанаға қоныс аудармақ.

Астана қалалық әкімшілігінің апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобасы аясында 71 апатты үйде тұрған 957 отбасына жаңа пәтер кілттері табысталады. Жағымды жаңалықтан хабардар болған Алматы ауданындағы тұрғындар көшуге әзірленіп жатыр.

Жобаны жүзеге асыруды бастамастан бұрын 2013 жылы Астана қаласының тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, бұзылатын тұрғын үйлер тізімі жасалған. Соның нәтижесінде, 1940-1970 жылдары салынған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері тозған 228 үй анықталып, оның 31-і бүгінгі күнде жаңартылды.

Хабарламаларға жазылу