Шахан кентіндегі тұрғын үй апатына қатысты шұғыл желі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахан кентіндегі тұрғын үй апатына қатысты шұғыл желі ашылды

02.01.2017
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар қызметіне апат туралы алғашқы мәлімет кеше түнде сағат 22:40-та келіп түскен. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына аттанған.

Әуелде үйінді астында 25 адам болуы керек деген болжам болған. Оларды аршып алуға дереу 70 адам, 16 техника жұмылдырылды.

Түні бойы қирандыларды аршу барысында 3 әйел, 3 ер адамның және 3 сәбидің мәйіті табылған. Ал, таңғы сағат 8:12-де 32 жастағы ер адам құтқарылды.
Бүгінде құтқарушылар, әскерилер, дәрігерлер мен еріктілер бар, бас-аяғы 280 адам апат орнында жүр.

Оқиға орнында жылыту пунктері ұйымдастырылды. Зардап шегушілерге жергілікті «Балауса» балабақшасында жатын орын әзірленді. Ыстық тамақ, жылы киім де қарастырылған. Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылд. Оның нөмірі: 8 (72156) 3-24-17.

Хабарламаларға жазылу