Қарағанды облысында үйінді астында қаза тапқандардың бірі бүгін жерленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында үйінді астында қаза тапқандардың бірі бүгін жерленеді

03.01.2017
Қарағанды облысында үйінді астында қаза тапқандардың бірі бүгін жерленеді

3 желтоқсанда Шаханда құлаған үй үйіндісінің астында қалғандардың бірін соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтеді. Басқалары 4-7 желтоқсанда жерленеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Валерий Михайловты жерлеу бүгін Сарепт кентінде өтеді. 60 жастағы тұрғын «КАРЭМ» ЖШС-да жұмыс істеген. Соңында жұбайы мен ұлы қалды.

Галышевтар отбасының екі мүшесі 4 қаңтарда Шахан кентіндегі зиратқа жерленеді. 5 қаңтарда үш адам ажал құшқан Андроповтар отбасымен қоштасу өтеді.

Зейнеткер Татьяна Кан 6 қаңтарда Восмьмидомики кентіндегі зиратқа жерленеді. Рождество мерекесі күні, 7 қаңтарда Шахан зиратына Елена Алексеенко ұлымен бірге жерленеді. Қаза тапқан екі ер адам «Тентек» және «Шахтинская» шахталарында жұмыс істеген. Мерт болған екі әйел декреттік демалыста бала күтімімен айналысқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, облыстың билік өкілдері Шахан кентінде құлаған көпқабатты үйдің зардап шеккен және құрбан болған тұрғындарының отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.  

«Мерт болған отбасының әрбір мүшесіне 1 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ауруханада жатқан, зардап шеккендер үшін 500 мың теңгеден төленеді»,-деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Сыздықова.

Әкімдік қайтыс болғандарды жерлеу мен ас беру шығындарын өз мойындарына алады. Бұған қоса тиісті заңнамаға сәйкес, арнайы комиссия жұмысының шешімімен келтірілген шығын бюджеттен төленеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу