Шахандағы көпқабатты үйлерде тұрған қазандықтарды шығару үшін 70 млн. теңге қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахандағы көпқабатты үйлерде тұрған қазандықтарды шығару үшін 70 млн. теңге қажет

14.02.2017
Қарағанды облысының Шахан кентіндегі көпқабатты үйлерде тұрған дербес қазандықтарды бөлек шығару үшін 70 миллион теңге қажет. Қазір елді мекендегі 14 үй жертөледе орналасқан осындай пештердің көмегімен жылытылады.

Қазандықтарды қауіпсіз жерге орнату үшін құрылысқа демеушілер тартылатын болады. Сондай-ақ, шығынның біраз бөлігін жергілікті билік қоғамдық қорға түскен қаражат есебінен көтеруді жоспарлап отыр.


Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу