Былтыр түрмеде жазасын өтеп жатқандар 1 млн-нан астам маска тіккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр түрмеде жазасын өтеп жатқандар 1 млн-нан астам маска тіккен

15.04.2021

Былтыр індет дендеген тұста түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтар 1 миллионнан астам маска тіккен. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам қорғаныш киімдерін де шығарған. Олар мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдарға таратылған. Әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, түрмедегілерді жұмыспен қамтуға арналған «Еңбек» бағдарламасы тоқтатылған жоқ. Бүгінде 19 колонияда құрылған өндіріс орнында 3 жарым мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, карантиндік шектеулерге байланысты, олардың жасаған бұйымдарына сұраныс азайған.

Жомарт Құсайын, «Еңбек» РМК бас директорының орынбасары: 
 Тапсырысты мемлекеттік органдардан аламыз. Жеке бизнесмендер өздері болады. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу